Саясат 12.05.2019 сағат 10:18

Зеленскийдің алғашқы тағайындауларды қашан жүргізетіні айтылды

Украинаның жаңадан сайланған президенті Владимир Зеленскийдің сайлауалды штабының жетекшісі Дмитрий Разумков алғашқы тағайындаулардың қашан болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды baq.kz.

Зеленскийдің алғашқы тағайындауларды қашан жүргізетіні айтылды
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Оның айтуынша, жаңадан сайланған мемлекет басшысы алғашқы тағайындауларды ұлықтау рәсімінен кейін бастайды.

"Меніңше, заң бойынша алғашқы кадрлық тағайындауларға ұлықтау рәсімінен кейін рұқсат етіледі. Сол кезде  Зеленский президент әкімшілігін кім басқаратынын xабарлайтын болады», - деді ол NewsOne эфиріне берген сұxбатында.

Айта кетейік, Украинадағы президент сайлауының екінші туры 21 сәуірде өткен болатын. Елдің қазіргі президенті Петр Порошенко мен Владимир Зеленский қатысты. Орталық сайлау комиссиясы Зеленский 73,22% дауысбен жеңіске жетті деп xабарлады.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар