22.05.2019, 18:00

«Қымбатырақ төлейді»: Мақпал Жүнісова тойдан қанша гонорар алады?

Фото: аrnapress.kz
Халық әртісі қуаныш иелерінің бұл әрекетіне не себеп болатынын да жасырмаған деп жазады «Хит-Тв» арнасының «Хедлайнер» бағдарламасы

Мақпал Жүнісова той иелерінің өзіне көбірек гонорар беретінін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Әншінің айтуынша, ол тек салиқалы той-томалаққа ғана барады екен.

«Мені тойға шақырғанда, маған басқа әншілерге төлегендей төлемейді. Маған қымбатырақ төлейді. Өйткені, өздерінің сұрауы сол. «Сіз бір-ақ өлең айтып кетіп қалмаңыз. Екі өлеңнен кейін кетпеңіз. Сіз 6-7 өлең айтуыңыз керек» дейді. Соған байланысты ақшасы да басқа әншілерге қарағанда қымбатырақ.

Мысалы басқа әншілер барып, бірнеше өлең айтып, келесі мейрамханаға барады. Күніне 3-4 мейрамхана аралайтын әншілерді білем мен. Олар енді жас әншілер ғой, жүгірген жақсы. Жасымызға байланысты бізге әрі-бері жүгіріп жүру де ыңғайсыздау», - деді Мақпал Жүнісова.

Еске сала кетейік, осыдан біраз уақыт бұрын әнші өзінің атын пайдаланып, той иесінен 3 мың АҚШ долларын алып кеткен танысы жайлы айтып берген болатын.

Сонымен қатар биылғы жылдың қаңтарында Астанадағы концерттердің бірінде Мақпал Жүнісованың бағалы тасы бар сырғасы мен әшекейін белгісіз біреулер ұрлап кеткен.