$ 449.3  489.69  4.89

Қарағандыда батут аударылып, 1 бала көз жұмды

2004 және 2012 жылдары туған екі бала түрлі жарақатпен ауруханаға түскен

Қарағандының орталық саябағында 25 мамырда қатты жел салдарынан үрленбелі батут аударылып, 11 жастағы бала көз жұмды деп хабарлайды Азаттық.

Бұл ақпаратты Қазақстанның ішкі істер министрлігінің төтенше жағдай комитеті (ТЖК) хабарлады. ТЖК хабарлауынша, 2004 және 2012 жылдары туған екі бала түрлі жарақатпен ауруханаға түскен.

Дәрігерлердің айтуынша, 2012 жылы туған қыз баланың миы шайқалып, жабық бассүйек ми мен көкірек қуысы зақымданған, қабырғасы сынған. 2004 жылы туған баланың аяғы сынған, дәрігерлер одан өзге де жарақат түрлерін тапқан.

Полиция "Қауiпсiздiк талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару не қызмет көрсету" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

Өткен жылы мамыр айында астанада қатты жел болып, балалар үстінде ойнап жүрген батут жылжып кетіп, бес бала ауруханаға түскен. 2017 жылы мамыр айында Павлодарда төрт бала зардап шеккен. ТЖК қазақстандықтарды қатты жел кезінде балаларды көшеге шығармауды сұрап отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары