17.11.2015, 08:09

Мемлекет басшысы білім беру мәселелері бойынша түзетулерге қол қойды

nis.edu.kz

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 12 жылдық білім беруді кезең-кезеңімен енгізу, дуальды оқыту, сондай-ақ функционалды сауаттылықты дамыту үшін мектептегі оқыту стандарттарын жаңарту бөлігінде бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам – Ұлт жоспарын іске асыруға бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.