$ 494.87  520.65  4.91

Шымкент қаласында алғаш рет жүрек қақпақшасына жаңа тәсілмен күрделі ота жасалады

Шымкент қаласында жүрек ақауына шалдыққан науқастарға жаңа тәсіл арқылы күрделі ота жасалатын болады. Таяуда Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов пен Нұр-Сұлтан қаласындағы «Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталық» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Юрий Пя екі жақты меморандумға қол қойды.

Меморандум шеңберінде жүрек қақпақшасын сақтап қалу үшін жаңа тәсілмен алғашқы ота бүгін қалалық кардиологиялық орталықта жасалып, жергілікті дәрігерлерге танымал кардиохирург Юрий Пя шеберлік сабағын өткізеді.

Сондай-ақ, екі жақты келісімнің негізінде Шымкент қаласындағы денсаулық сақтау саласын дамыту, жақсарту және жергілікті дәрігерлердің біліктілігін арттыру мақсатында Ұлттық ғылыми орталық мамандары тәжірибелерімен бөлісіп отырады. Бұл өз кезегінде үшінші мегаполис дәрігерлерінің біліктілігі мен білімін жетілдіруіне оң ықпалын тигізері сөзсіз.

Шымкент қаласында жүрек қақпақшасына ота жасау бойынша жылына шамамен 3 мың науқас тіркеледі екен. Бұған дейін науқастар мұндай отаны Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласында жасатып келгенін айта кетейік.

 «SN.kz» - ақпарат»

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары