$ 446.49  475.38  4.79

Шымкент: ҚХА мен Білім басқармасы тізе қосып, сегіз жобаны жүзеге асырмақ

1 мамыр – Қазақстан халқы бірлігі күні қарсаңында Шымкентте «Жаңғыру жолы» республикалық қозғалысы қалалық штабының кеңейтілген мәжілісі өтті. Оған қалалық Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары Мұратәлі Қалмұратов, қалалық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айгүл Текебаева және қаладағы 29 колледж директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасаралары, «Достық» клубтары мен этномәдени бірлестіктердің жастар қанаттарының жетекшілері қатысты.

Мәжілісте бірінші боп сөз алған қалалық ҚХА төрағасының орынбасары М.Қалмұратов кеше Нұр-Сұлтан қаласында өткен Қазақстан халқы ассамблеясының XXVII сессиясында айтылған маңызды мәселелерді тілге тиек етті. Сессияда Елбасы, Қазақстан халқы ассамблеясының төрағасы Н.Назарбаев айтқан бастамаларды жүзеге асыруға жастарды белсене қатысуға шақырды.

- Елбасы Ассамблеяның қоғамдық сананы жаңғырту үдерістерінің белсенді қатысушысы екенін айтты. Білімге жүгіну, жаңа идеяларға жол ашу, ұлттық кодты сақтау және Қазақстанның эволюциялық дамуы – жалпыұлттық тарихи сана мен біртекті құндылықтарды қалыптастырудың негіздері екенін алға тартып, мұны пайым-парасатпен іске асыру Ассамблеяның тікелей жауапкершілігіне жататынын жеткізді. Осы бағытта Ассамблеяның ең белсенді мүшелері саналатын жастардың алдында да жаңа ауқымды міндеттер тұр, - деді М.Қалмұратов.

Шымкенттегі оқу ордаларында 100-ге жуық түрлі этнос жастарының білім алып жатқанын айтқан қалалық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы А.Текебаева олардың өзара достығын нығайту бағытында «Достық клубтары» мен «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының жұмысын жандандыру қажеттігін айтты. Бұл бағытта ҚХА мен Білім басқармасы арасында бірлескен жұмыс жоспары түзіліп, «ҮOUTH FORUM», «Жастар шақырады», «Берекелі шаңырақ», «Дружба без границ», «Мақсатқа жет», «Мейірімді жастар»,«Елтану», «Aibyn» сынды сегіз жобаны жүзеге асырмақшы.

«SN.kz»-ақпарат.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары