Жоғарғы рада депутаты Евгений Мураев Грузияның экс-президенті Михаил Саакашвилидің Украинаға оралуына қатысты пікірімен Фейсбуктегі парақшасында бөлісті, деп хабарлайды SN.kz тілшісі Life.ru сайтына сілтеме жасап.
Парламентарийдің пайымынша, «қылмыскерді үнемі қылмыс жасаған мекенге тартып тұрады».
«Бір емес, екінші рет қайтып келді. Мұндай тек Терминатор мен Саакашвилидің қолынан келеді», — деді Мураев.
Айта кетейік, 28 мамырда Украина басшысы Владимир Зеленский Михаил Саакашвилиге азаматтығын қайтарған болатын. Ертеңіне Саакашвили Украинаға оралды. Әуежайда оны қошеметпен қарсы алды.