Кездесу барысында қос тарап өзара ынтымақтастық тетіктері жайын талқылап, екіжақты қатынастарды дамыту туралы пікір алмасты. Қала әкімі Германияны сенімді серіктес әрі тұрақты инвестор деп санайтынын, барлық салада ынтымақтастық байланысты дамытуға ынталы екенін жеткізді. Елші өз кезегінде Шымкент аумағында жүзеге асатын жобаларға неміс кәсіпкерлері қатысуға дайын екенін және сол арқылы іскерлік ынтымақтастықты дамытуға ниетті екенін білдірді.
Бүгінгі таңда Шымкенттегі «Karlskrona LC AB», «AsiaTrafo», «Бал Текстиль», «AZALA Textile» сынды ірі кәсіпорындар алдыңғы қатарлы неміс компанияларының технологиялары мен жабдықтарын қолданады. Ал, «Шымкентцемент» акционерлк қоғамы «Heidelbergcement» компаниясының қатысуымен цемент зауытын жаңғырту жобасын жүзеге асырды.
«SN.kz» - ақпарат»