$ 444.22  476.38  4.82

«Қай бетімді жыртайын?»: Меруерт Түсіпбаева Сайлагүлден кешірім сұрады

Айта кетейік, Сайрагүл Сауытбай отбасымен бірге Швецияға қоныс аударды. Бұл туралы оның адвокаты Айман Омарова хабарлаған.

Әнші Меруерт Түсіпбаева Қазақстаннан баспана ала алмаған Сайрагүл Сауытбайға қатысты жазба қалдырды. Бұл туралы ол Instagram-парақшасында жазды. 

«Тар заман, зар заман, қу заман. Өкінішті. Қай бетімді жыртайын. Қазағым деп пана іздеген қызына, пана бола алмаған ағайынға не айтам? Кеше ғана Павлодарда концертте жургенімде маған алғыс айтып жіберген жазбаңның астары менімен қоштасу екенін ұқпадым мен. Жаным-ау, бала-шағаңның жанында қайда журсең де аман-есен жүрші. Кешір», – деп жазды әнші. 

Айта кетейік, Сайрагүл Сауытбай отбасымен бірге Швецияға қоныс аударды. Бұл туралы оның адвокаты Айман Омарова хабарлаған. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары