17.06.2019, 17:44

Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс сессиясында «Шымкент қаласының Құрметті азаматы» атағы беру туралы ұсыныс жасалды

Алтыншы шақырылған Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс елуінші сессиясында «Шымкент қаласының Құрметті азаматы» атағын беру туралы ұсыныс жасалды.

2019 жылғы 29 наурыздағы қала мәслихатының шешімімен «Құрметті азамат» атағын беру ережесі бекітілген. Ережеге сәйкес қала әкімдігіне түрлі мекемелерден, ұйымдардан ұсыныс түсіп, қала депутаттарының қолдауымен қалаға айрықша еңбек сіңірген 10 азамат «Шымкент қаласының «Құрметті азаматы» мәртебесіне ие болды.

Айта кетейік, қағидаға сәйкес «Құрметті азамат» атағы жылына бір рет салтанатты түрде 10 адамға дейін беріледі. Бұл атаққа қаламызға айрықша еңбегі сіңген, оның ішінде экономиканы, әлеуметтік саланы, ғылым мен білімді дамытуға үлес қосқан, мемлекеттік және қоғамдық қызметте жетістігі бар, шығармашылықта, бизнесте, спортта, қайырымдылық шараларында белсенділік танытып, жемісті жұмыс жасаған азаматтар ие бола алады. Атақты беру туралы шешімді Шымкент қаласының мәслихаты қала әкімінің ұсынысымен қабылдайды.

«SN.kz» - ақпарат»