12.06.2019, 20:29

Шымкенттік делегация ҚР Президентінің ұлықтау рәсіміне қатысты

Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасы Президентінің инаугурациясы өттті. Мемлекет басшысының жоғары лауазымын ұлықтау рəсіміне Шымкент қаласынан 75 адам қатысты. Делегацияны Шымкент қаласының әкімі, «Nur Otan» партиясы Шымкент қаласы филиалының төрағасы Ғабидолла Әбдірахымов бастап барды.

Делегация құрамында «Nur Otan» партиясы Шымкент қаласы филиалы төрағасының орынбасары Бахадыр Нарымбетов, Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы Ғани Ташқараев, мәслихат депутаттары Г.Құрманбекова, Т.Сұлтанова, Қ.Мейірманов және қалалық әкімдіктің өкілдері, дәрігерлер, мұғалімдер, ардагерлер, спорт және мәдениет қайраткерлері, жергілікті БАҚ жетекшілері, оқу орындарының басшылары және «Nur Otan» партиясының өзге де белсенді мүшелері бар.

Еске сала кетейік, ҚР Орталық сайлау комиссиясының шығарған қорытындысына сәйкес, 9 маусымдағы кезектен тыс сайлауда кандидат Қасым-Жомарт Тоқаев сайлаушылардың 70,96 пайыз дауысын (сайлаушылардың 6 539 715 дауысы) алып, жеңіске жеткен болатын. Осыған байланысты Орталық сайлау комиссиясы ҚР Президентінің ант беру күнін 12 маусымға белгілеу туралы арнайы қаулы қабылдады.  Ұлықтау рәсімі барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына ант берді. Ал ант берген сәттен бастап жаңадан сайланған Президент ресми қызметiне кiрiскен болып саналады.  

«SN.kz»-ақпарат.

Тегтер: ант Шымкент