Кеңес барысында Мұратжан Акишев мемлекеттік қызметшілерге жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстануға, қоғамға жат мінез-құлық, оның ішінде қоғамдық орындарда адамның қадiр-қасиетiн және қоғамдағы адамгершілікке нұқсан келтіретін масаң күйде болу жағдайларына жол бермеу; қарапайым болуға, тиісті көрсетілетін қызметтерді алу кезінде өзінің лауазымдық жағдайын баса көрсетпеуге және пайдаланбау; өз тарапынан қоғамдағы адамгершілікке, тәртіпке және қауіпсіздікке қол сұғушылыққа әкелетін заңнама талаптарын бұзуға және басқа азаматтарды құқыққа қарсы, қоғамға жат әрекеттерді жасауға тартуға жол бермеу міндеттерін түсіндіріп өтті. Бұл жиынның Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы қызметкерлері үшін пайдасы зор екеніне сенімдіміз.
«SN.kz»-ақпарат.