$ 449.58  486.94  4.86

Шымкентте Президент айқындаған он бағытты іске асыру жолдары талқыланды

«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалында кезектен тыс өткен президенттік сайлаудағы штаб жұмысын қорытындылау бойынша Саяси кеңес мәжілісі өтті. Жиналыс барысында қатысушылар Президент айқындаған он бағытты баяндап, іске асыру жолдарын талқылады.

Оған «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бахадыр Нарымбетов, Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы Ғани Ташқараев, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Гүлжан Құрманбекова, «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының саяси кеңес мүшелері, қалалық мәслихат депуттары қатысып, пікір алмасты.

Алдымен Бахадыр Мәдәліұлы штаб жұмысының қорытындысы, Президент жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің құрылуы туралы ойларын айтты. Қалалық филиалдың қоғамдық штабы оң нәтижелерге қол жеткізді.  – Қоғамдық штабтың жұмысын оң нәтижелермен аяқтадық. Енді сайлауалды бағдарламаны орындау бойынша партияның әрбір белсенді азаматына жауапкершілік күшейеді. Қазір жаңа қоғам қалыптасып келеді. Халықты толғандырған сауалдарына дер кезінде жауап беріп, ақпараттандырып отыру керек. Енді он бағытты нақты әрі жүйелі насихаттау қажет, – деді Б. Нарымбетов.

Сондай-ақ, қала әкімінің орынбасары Гүлжан Мамытқызы әділетті әлеуметтік саясат, тұрғын үй мәселесін шешу және өңірлерді дамытудың жаңа бағдары жайлы, мемлекет және қоғам қайраткері Орынбай Рахманбердиев сыбайлас жемқорлықты жою, сот және құқық қорғау жүйесін реформалау туралы, ОҚМПУ проректоры Баршагүл Исабек «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласының қалада жүзеге асырылуы бойынша баяндама жасады. 

«SN.kz» - ақпарат»

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары