Кедергісіз болашаққа жол бастайтын бұл шара дөңгелек үстел мәжілісінен басталды. Армения, Ресей, Өзбекстан елдерінің консулдары мінбеде сөз алып, өзге өңір белсенділерімен танысты. «ASAA» жастар қоғамдық ұйымының президенті Данара Саранованың сөзінше, айтулы форум жастардың бір-біріне жігер беріп, идея алмасуына жол ашпақ. Бес күн бойы слет делегаттары бүгінгі жастар алдындағы келелі міндеттер мен жастар ұйымдарының проблемаларын талқыға салады. Форумда дипломатиядағы миграция, экология тақырыптарына ерекше көңіл бөлінген. Оқыту семинары барысында талапшыл жастарға өз қабілеттерін көрсету мүмкіндігі туып тұр. Жаңа жобаларын таныстырып, өзара бақ сынасады.
Бұл жария дипломатиялық мектеп-слеті он күнге созылады. Алғашқы бескүндік шара Шымкентте өтсе, екінші бөлігін Қырғызстанда жоспарланған. Ұйымдастырушылардың айтуынша, осындай халықаралық кездесулер алдағы уақытта жалғасады.
«SN.kz» - ақпарат»