$ 446.49  475.38  4.79

Шымкентте мемлекеттік қызметшілер күні атап өтілді

23 маусым күні Шымкент қаласының мемлекеттік қызметшілері өздерінің кәсіби мерекелерін Дендросаябақта ашық аспан астында атап өтті. Осы жылы бұл мереке мемлекеттік қызметшілердің спорттық жарыстарымен сүйемелденді.

300-ден астам адамның қатысуымен өткен салтанатты іс-шара үлгілі қызмет еткен, сондай-ақ өзінің еңбекқорлығымен және өз ісіне берілген мемлекеттік қызметшілерге грамоталар мен алғыс хаттарды табыстаудан басталды.

Мереке құрметіне қала әкімі Ғ.Әбдірахымов пен ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Ә.Көмекбаев құттықтау сөз сөйледі.

- Мемлекеттік қызметшілер – мемлекеттің тірегі. Сіздер елдегі өмірдің қайнаған ортасында жүріп, мемлекеттік идеология мен саясаттың жүзеге асырылуына атсалысасыздар. Қазақстандағы мемлекеттік қызмет саласына 1997 жылдан бастап оң өзгерістер енді. Елбасының "Қазақстан-2030" стратегиясында мемлекеттік қызмет туралы арнайы бөлім бар. ҚР Тұңғыш Президентінің тапсырмасымен біздің елімізде ТМД бойынша алғашқы мемлекеттік қызмет агенттігі құрылды. Қазіргі таңда көрші елдер біздің заңдарды пайдалануда. Мерекелеріңіз құтты болсын, әріптестер! - деді қала әкімі.

Салтанатты шараның тағы бір ерекшелігі — бір күн бұрын өткен спартакиаданың жеңімпаздарын марапаттау болды. Футбол, волейбол бойынша үздік командалар және үстел теннисінің жеңімпаздары спорт чемпиондары Біржан Жақыпов, Ксения Хан және Нұрдәулет Айдархан тапсырған кубоктар мен медальдарға ие болды.

Марапаттау рәсімінен кейін салтанатты шара қатысушылары жүгіру марафонында өздерінің спорттық шыңдалуын көрсетті.

Бүгінде Шымкент қаласы әкімдігінің жұмысында бірқатар оң өзгерістер орын алды. Оның бірі – «Ашық әкімдік» жобасы. Мұнда халыққа қолайлы және ашық мемлекеттік қызмет түрлері ұсынылады. Сонымен қатар әкім және әкім орынбасарлары әлеуметтік желілер арқылы тұрғындармен кері байланысты орнатты. Осының нәтижесінде әкімдікке келіп түсетін арыз-шағымдар саны төмендеді.

2018 жылдың желтоқсан айынан бастап әкімдік қызметшілерінің жалақысы факторлы-балды шкала негізінде пилоттық жүйе аясында екі есеге дейін көбейді. Сондай-ақ осы жылдың 18 маусымынан бастап әкімдіктің жұмыс кестесі өзгеріп, түскі үзіліс екі сағаттан бір сағатқа қысқартылып, жұмыс уақытының соңы 19.00-ден 18.00-ге ауыстырылды.

«SN.kz»-ақпарат.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары