$ 449.58  486.94  4.86

Шымкентте жастар мәслихатына үміткерлердің саны 80-ге жеткен

Ай соңына дейін Шымкентте тағы бір мәслихат пайда болады. Қала әкімінің жанындағы «Қоғамдық кеңестің» ұсынысымен құрылып жатқан бұл ұйымның мүшелері жастар болмақ.

«Жастар мәслихатына» депутаттар сайлау арқылы емес әкімшіліктің арнайы комиссиясының таңдауы арқылы тағайындалады. Айта кетейік, қала әкімінің қолдауымен жасақталған жастар мәслихатындағы депутаттардың саны 29 болады.

Жаңа мәслихатқа сайлауға түскісі келген жастарға талап та жаңаша. Өздерін таныстырып, қоғамды өзгерткісі келген мәселені инстаграм желісі арқылы көпшілікке жеткізуі қажет. Ал, ол 2000 лүпіл жинап, қаралымы көп болуы шарт.

Эссе жазып, депутат болғысы келгендердің саны бүгінде 80-ге жетіпті. Жастарға сенген биліктің бастамасын халық та қолдап отыр. Ел жастық жалын мен жаңаша көзқарасқа үміт етеді. Және оларға айтар ұсыныстары да бар.

Еске сала кетейік, Қазақстанда бұған дейін жастар мәслихаты 4 қалада болған. Нұр-Сұлтан, Алматы мен Қарағандыда қолға алынған жоба Шымкентте 2010-2013 жылдар аралығында болған. Сол кезде жастар қоғамдық көліктердегі жолақы құнын арзандатқан екен.

«SN.kz» - ақпарат»

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары