Бүгін сағат 12:00-ден кейін Сарыағаш-Арыс учаскесінде Шымкент-Арыс және Арыс-Түркістан бағытында пойыздар қозғалысы қалпына келтірілді, деп xабарлайды «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның сервис жөніндегі департаментінің директоры Әлібек Сұлтанов.
«24 маусым күні төтенше жағдай орын алды. «Жолаушылар тасымалы» осы жағдайдың құрбаны болып қалды. Үш күн бойы үлкен жұмыстар жасалды, өйткені Арыс стансасы – Түркістан мен Шымкент бағытындағы маңызды торап. Қозғалыс тоқтатылған болатын. Сол себепті жолаушылар тасымалын қалпына келтіруге қажетті барлық шаралар жасалды», - деді ол. Пойыздардың қозғалысы бүгін ашылды. «Бүгін сағат 12:00-ден кейін Сарыағаш-Арыс учаскесінде Шымкент-Арыс және Арыс-Түркістан бағытында пойыздар қозғалысы қалпына келтірілді. Енді қозғалыс кестесін реттеудеміз», - деді Сұлтанов.
Дереккөз: Zakon.kz