$ 494.87  520.65  4.91

Қостанайда тепловоз машинисі ер адамды қағып кетті

Ведомствоның баспасөз хатшысы Уәлихан Досановтың айтуынша, жәбірленуші ауруханадан өз еркімен шығып кеткен.
Фото: ҚазАқпарат
Фото: ҚазАқпарат

Тепловоз машинисі ер адамды соғып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қостанай облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 7 шілдеде болды. ТЖД кезекші бөліміне тепловоз машинисінің темір жол үстінде бөгде адамның тұруына байланысты шұғыл тежегішті қолданғаны туралы хабарлама келіп түскен. 

«Машинист тепловозды тоқтата алмады. Нәтижесінде Қостанай қалалық ауруханасының жарақаттану бөліміне 1980 жылы туған ер адам түсті. Оның мас болғаны анықталды. Оған алғашқы медициналық көмек көрсетілді», - делінген ТЖД баспасөз хабарламасында. 

Ведомствоның баспасөз хатшысы Уәлихан Досановтың айтуынша, жәбірленуші ауруханадан өз еркімен шығып кеткен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Қостанай