$ 494.87  520.65  4.91

Жүкті болу үшін жыныстық қатынасқа қай уақытта түсу керек?

Таңертең бе, кешке ме?
Фото: Ernur.kz
Фото: Ernur.kz

Құрсаққа бала бітуі үшін жыныстық қатынастың жиілігі маңызды ма? Таңертең бе, кешке ме?

Қазір бәрі де жоспармен... Тіпті, балалы болу да... Жаңа үйленген жұптардың өзі балалы болуға жоспармен, арнайы дайындықпен кірісетіні жасырын емес. Оған түрлі себептер де бар. Денсаулық мәселесі, оқу, жұмыс немесе басқа да тұрмыстық жағдайларға қарайлайды.

Дегенмен, некелерін қиған соң біршама уақыт құрсақ көтермей жүрген жас келіндер де көп, өкінішке орай...

Әлбетте, бұған ең алдымен денсаулық жағдайы себеп болса, енді бір себебі – некелі жұптар арасындағы төсек қатынасының «кінәсі» бар екендігін алға тартады мамандар. Сондықтан, тақырыпта айтылған сұрақтар мен басқа бірнеше сауалдарға жауап беріп көрелік. 

Аналық ұрықтың жетілуі немесе овуляция күндері жүкті болуға өте қолайлы күндер деп есептейді мамандар. Овуляция айына бір рет қана болады. Оны арнайы тест арқылы немесе базальды температураны тексеру арқылы білуге болады. 

Әйелдің жыныс жолдарына түскен сперматозоидтер 120 сағат бойы ұрықтандыруға қабілетті болады. Ал ұрықтандырылмаған жасуша тек 24 сағат қана өмір сүреді. Демек, егер жыныс қатынас овуляция кезінің 1-4 күндері аралығында болса, жүкті болу мүмкіндігі жоғары.

    ◦  Таңертең бе, кешке ме? Жүктілік үшін қай уақыт ыңғайлы?

Айырмасы жоқ. Таңғы төсек ләззаты ма әлде кешкі ме, жүктілік үшін екеуі бірдей. Дегенмен, аналық жасушаны ұрықтандыру қабілеті кешкі уақытта белсенді болатыны зерттеліп, анықталған. Яғни, аталық ұрықтың кешкі уақытта белсенділігі артады.

Дереккөз: Ernur.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары