$ 449.3  489.69  4.89

Канаданың шығысында ұшақ апатқа ұшырап, 4 адам қаза тапты

Келеңсіз жағдай дүйсенбі күні кешкілік провинцияның солтүстігіндегі шалғай ауданда орын алды.
Фото: ҚазАқпарат
Фото: ҚазАқпарат

Канаданың шығысындағы Ньюфаундленд және Лабрадор провинциясында шағын ұшақтың құлауы салдарынан төрт адам қаза тауып, үшеуі із-түзсіз жоғалған. Бұл туралы сейсенбіде CBC телеарнасы хабарлады. 

Келеңсіз жағдай дүйсенбі күні кешкілік провинцияның солтүстігіндегі шалғай ауданда орын алды. 

Ұшақ Мистастин көліне құлаған. Оның бортында ұшқыш пен алты жолаушы болған. Құтқарушылардың мәліметіне қарағанда, төрт адам қаза тапқан, ал үшеуін іздеу шарлары жалғасуда. 

Әуе апаты оқиғасы бойынша тексеру жұмыстары басталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Канада