$ 494.87  520.65  4.91

«Бұл жиіркеніш туғызады»: Журналистерді қорғау комитеті Қазақстан билігіне үндеу жасады (ВИДЕО)

«Журналистер қоғам назарын аударған оқиғадан хабар таратуға құқылы. Олар қудаланбауы керек. Керісінше, билік олардың қауіпсіздігін қорғауға міндетті».
Фото: Орталық Азия жаңалықтар қызметі
Фото: Орталық Азия жаңалықтар қызметі

Штаб пәтері Нью-Йоркте орналасқан Журналистерді қорғау комитеті 25 шілдеде Қазақстан билігін тілшілерге шабуыл жасағандарды тез арада тергеп, кінәлілерді жауапқа тартуға шақырды, деп жазады Орталық Азия жаңалықтар қызметі.

«Құқық қорғаушылардың конференциясында журналистерге шабуыл жасау барып тұрған бассыздық. Бұл жиіркеніш туғызады. Билік мұны зерттеп, кінәлілерді жауапқа тартуы тиіс», - деп мәлімдеді ұйымның бағдарлама директоры Карлос Мартинез де ла Серна.

«Журналистер қоғам назарын аударған оқиғадан хабар таратуға құқылы. Олар қудаланбауы керек. Керісінше, билік олардың қауіпсіздігін қорғауға міндетті», - деп атап өтті ол.

Шілденің 22-сі күні 20 шақты әйел Алматыдағы адам құқығын қорғау бюросында жоспарланған баспасөз жиыны алдында шараға келген журналистерге шабуыл жасады. Шабуылға ұшырағандар арасында Азаттық тілшілері, ҚазТАГ ақпарат агенттігі мен «Алматы» телеарнасы тілшілері болды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыда баспасөз кездесуі кезінде жанжал шыққанын жазған болатынбыз. 

Алматыдағы баспасөз кездесуіндегі жанжалға қатысқан көп балалы ана Азаттық Радиосынан кешірім сұрады. Ол желіде тараған видеода оқиғаның қалай орын алғанын да түсіндіріп өтті.

Одан соң, Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Алматыдағы баспасөз мәслихаты кезінде болған төбелестің мән-жайына тоқталды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары