$ 494.87  520.65  4.91

Тапаншамен қарсыластарына оқ атқан Атамбаев Бішкекте митинг өткізбекші

«(...) Операция кезінде оқ аттым. Жақтаушыларым үшінші қабатқа келіп қалғанда аттым, оларға тиіп кетпеуге тырыстым», - деді экс-президент.

Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев митинг өткізуге ниетті екенін айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz ақпараттық агенттігі РИА Новости-ге сілтеме жасап.

Сондай-ақ, Атамбаев өзін ұстау кезінде оқ ату арқылы қорғанғанын айтты. «(...) Операция кезінде оқ аттым. Жақтаушыларым үшінші қабатқа келіп қалғанда аттым, оларға тиіп кетпеуге тырыстым», - деді экс-президент.

Атамбаевтың айтуынша, енді ол Бішкекте митинг өткізбекші. «Біз өз шартымызды айттық. Ол - Қой-Ташта байланыс пен Интернетті қалпына келтіріп, ондағы күш құрылымдарын алып кету», - деді Қырғызстанның бұрынғы президенті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары