$ 443.37  474.49  4.83

«Сіздерге жете ме, жоқ па, білмеймін...»: Атамбаев үндеу жасады (ВИДЕО)

«Қымбатты менің отандастарым, бүгін сіздерге үндеу жариялауыма тура келіп тұр. Бұл сөзім сіздерге жете ме, жоқ па, білмеймін...», - деді ол.

Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев көпшілікке үндеу жасады. 

«Қымбатты менің отандастарым, бүгін сіздерге үндеу жариялауыма тура келіп тұр. Бұл сөзім сіздерге жете ме жоқ па білмеймін. 

Бүгін антитеррористік жағдай болды. Соның кесірінен бейбіт адамдар жараланды. Үйімнің ауласына келгендердің теріс ниеті болмаған еді. Олар жай ғана менімен суретке түскісі келген болатын», - деді ол.

Айта кетейік, бүгін кешкі сағат 8 шамасында Атамбаевтың ауласына арнайы жасақ оқ жаудырып, 15 адам жараланды. Кейін 1 арнайы жасақ өкілінің қайтыс болғаны хабарланды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Атамбаев