Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың отбасы, саясат және заманауи музыка туралы алғаш рет берген сұхбаттың толық видеосы жарияланды, деп хабарлайды Sn.kz ақпараттық порталы.
Youtube арнасында жарық көрген сұхбат ресейлік журналист Алексей Пиваровпен болған еді.
Шілде айының соңында отандық арна Қазақстанның жаңа басшысы туралы «Президент 2.0» атты деректі фильмді көпшілік назарына ұсынған болатын.
Сондай-ақ, ол сұхбат барысында өзінің өзгеріссіз бірқалыпты адам екенін атап өтіп, елінің осылай қабылдағанын қалайтынын айтты.
Президент сұхбат барысында өзінің басынан өткен қиындықтарымен де бөлісті. Атасы нан табуға кетіп, оралмаған. Ал әкесі, алдымен, балалар үйіне барып, кейін майданға аттанған. Мұнымен қатар, ол жаңа қызметке үйренісе алмағанын, «Президент» деген кездегі эмоциясын жасыра алмады.
«Басында жаңа лауазымға құлағым онша үйренбеді. Көпшілік жиналған іс-шараларда "Президент, президент" дегенді естігенде, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев келе жатыр ма деп ойлап қалатынмын. Бірақ бұл уақытша нәрсе екен, жақсы нәрсеге тез үйреніп кетеді екенсің», - деді Тоқаев.