18 жасқа енді ғана толған бозбала қызымен бірге джип көлігінде келе жатып, рөлге ие бола алмай, балалар лагерінің дуалына соғылды, деп жазады Soıtniknews.kz.
Жол апаты кешкі бес кезінде болған.
Куәгерлердің айтуынша, жол талғамайтын көлік қалаға қарай кетіп бара жатыпты.
Джип жүргізушісі кенет рөлге ие бола алмай, қарсы бетке шығып, жыраға түсіп кетеді де, газ құбырының тағанын қағып, балалар лагерінің бетон дуалына бір-ақ соғылады.
Оқиға орнына келген полиция көліктің жас жігітке тиесілі емес екенін анықтаған. Барлық құжат әкесінің атына ресімделіпті.
Кілтті білдіртпей алып кеткен бозбала қызын көлікпен қыдыруға шақырады.
Қазір жүргізуші мен бойжеткен Алматы ауруханаларының бірінде жатыр. Олардың өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.