Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған мен Нұрсұлтан Назарбаев телефон арқылы тілдесті, деп жазады elbasy.kz.
Нұрсұлтан Назарбаев пен Режеп Тайып Ердоған бір-бірін Құрбан айт мерекесімен құттықтап, Қазақстан мен Түркияның стратегиялық ықпалдастығы бірте-бірте нығайып келе жатқанын атап өтті.
Телефон арқылы сөйлесуге Түркия жағы бастамашы болды.