Американың Флорида штатында ер адам таныс келіншекке 10 мыңнан астам хат жолдап, түрмеге түсті, деп хабарлайды КТК арнасы.
48 жастағы Николас Нельсон 5 сәуірден бастап 12 күн ішінде келіншекке 10 мың хат жолдаған. Ал келіншек болса, оны бірнеше рет қана көргенін, тіпті, онымен сөйлеспегенін айтады. Ер адамның хаттары қоқан-лоққы мен жыныстық мазмұнда болған.
«Сен екеуміз бірге өлеміз» десе, екіншісінде «Енді сенде болатын жалғыз еркек менмін», – делінген хатында.
Ер адамға қазір тағы бір келіншектің ізіне түсуі туралы айып тағылған.