Павлодар зауытында жарылыс болды. Оқиға орнынан кадрлармен tipav1o Тelegram-арнасы бөлісті деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Кадрдан зауыттың үш қызметкерінің еріткіш пештің қасында тұрғанын көруге болады. Бір кезде аяқ асты жарылыс болып, жалын камера объективін жауып қалады. Адамдар өрт бүкіл бөлмеге тарап кетпегенше цехтан шығып үлгерді.