$ 448.15  483.46  4.86

Түркістан облысының Арыс қаласында 2500-ге жуық оқушы 1-сынып табалдырығын аттады

Шаһардағы жарылыстан зардап шеккен 16 орта мектепті «Самұрық-Қазына» қоры толығымен қалпына келтірді.

Түркістан облысының Арыс қаласында 2500-ге жуық оқушы 1-сынып табалдырығын аттады, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Шаһардағы жарылыстан зардап шеккен 16 орта мектепті «Самұрық-Қазына» қоры толығымен қалпына келтірді. Бүгін 10 мыңнан астам оқушы жаңартылған мектептерде оқу жылын бастап кетті. 

Қазір қаладағы қираған 68 әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының 63-і пайдалануға берілді. Қалған 5 нысан қыркүйек және қазан айларында тапсырылатын болады.

Таңмен таласа тұрған арыстық оқушылар алтын ұя мектебіне асықты. Білім мерекесі қаладағы барлық 40 мектепте аталып өтілді. Ал жарылыстан зардап шеккен Кеңес Одағының батыры Иван Журба есімімен аталатын орта мектепте өткен салтанатты шараға облыс басшылары мен нысанды қалпына келтіруге атсалысқан ұлттық компания өкілдері қатысты. Мұнда да алғашқы қоңырау соғылып, оқушылар ұстаздарымен бірге білім ошағына аяқ басты. 

Бұл мектептің әр сыныбы заманауи етіп жарақтандырылған. «Самұрық-Қазына» ұлттық компаниясы Арыстағы 16 орта мектепті толығымен қайта қалпына келтіріп, күрделі жөндеуден өткізді. Әсіресе, мұндағы акт залы мен сырттағы балалар үшін доп тебетін алаң алыстан көз тартады. Жалпы айтқанда оқушыларға енді терең білім алу үшін бар жағдай бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары