$ 494.87  520.65  4.91

«Құрметті жаңадан келген әріптестер, сіздер болмасаңыздар, біз әлі қалар едік» - Бірғаным Әйтімова

«Әрине, осындай кез келеді бәріңіздің алдыңызға. Бүгін болмаса, ертең болады. Ертең болмаса, бес-алты жылдан кейін келеді».

Бүгін Парламенттің жоғарғы палатасының отырысында Сенат төрағасы Дариға Назарбаева экс-депутат Бірғаным Әйтімоваға атқарған қызметі үшін алғысын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, baq.kz-ке сілтеме жасап.

«Құрметті әріптестер, құрметті жаңадан келген, біздің ізімізді басып келе жатқан әріптестер, сіздер болмасаңыздар, біз әлі қалар едік. Құттықтаймыз сіздерді! Әрине, осындай кез келеді бәріңіздің алдыңызға. Бүгін болмаса, ертең болады. Ертең болмаса, бес-алты жылдан кейін келеді», - деді Бірғаным Әйтімова.

Іште бір қыжыл бар ма, қалай? Бұл сөзді тыңдап отырған адам басында жаңа әріптестерін табалап отыр деп ойлап қалуы мүмкін. Кім қалай қабылдаса да, экс-сенатор сөзін «Бәріңізге де осындай сыйластық көрсетілсін деп тілеймін», – деп түйіндеді.

Сондай-ақ, ол өзіне сенім білдірген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғысын айтты.

Атап өтсек, 12 тамызда Қазақстан президентінің жарлығымен Бірғаным Әйтімова, Сергей Громов, Асқар Бейсенбаев, Георгий Ким, Дулат Құсдәулетов, Рашид Түсіпбековтің депутаттық өкілеттігі тоқтатылған еді. Бүгінгі отырыста Дариға Назарбаева олардың барлығына алғыс айтып, құрмет грамотасын табыстап, ортақ фотосуретке де түсті.

Еске сала кетсек, Бірғаным Әйтімова 2013 жылдан 2019 жылға дейін Сенат депутаты болған.

Ал бүгін жаңа сенаторлар халыққа ант беріп, жұмыстарына кірісті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары