03.09.2019, 01:29

Елордада күн суытады

3 және 4 қыркүйекте түнде елордада жер қыртысында бір градусқа дейін аяз болады.

Нұр-Сұлтан мен бірнеше облыстарда ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап. 

3 және 4 қыркүйекте түнде елордада жер қыртысында бір градусқа дейін аяз болады. 3 және 4 қыркүйекте Ақмола облысында күн күркірейді. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. Түнде жер бетінде 1-3 градусқа дейін аяз болады. 

3 қыркүйекте түнде Солтүстік Қазақстан облысында да топырақ бетінде 1-3 градусқа дейін аяз болады деп күтілуде. 

3 қыркүйекте Қостанай облысында таңертең және күндіз кей жерлерде күн күркірейді, түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.

Тегтер: Нұрсұлтан