Саясат 08.09.2019 сағат 10:13

«Назарбаев старты»: Путин «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенін осылай атауды ұсынды

Ұсыныс Роскосмос басшысы Дмитрий Рогозин және Цифрлық даму, инновация министрлері мен Қазақстанның Аэроғарыштық өнеркәсіп министрі Асқар Жұмағалиевтің көзінше айтылды.
«Назарбаев старты»: Путин «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенін осылай атауды ұсынды
фото: dw.com
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Байқоңыр ғарыш айлағында салынып жатқан «Союз-6» және «Союз-5» орта және жартылай ауыр класстағы зымыран-тасығыштарын ұшыратын зымыран-ғарыш кешені Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне аталады. Ақпарат Ресей президенті Владимир Путиннің ұсынысынан кейін мәлім болды, деп хабарлайды tengrinews.kz, Роскосмостың сайтына сілтеме жасап.

Старт кешені «Назарбаев бастауы (немесе старты)» деп аталады», – делінген Роскосмостың хабарламасында. Сенбі, 7 қыркүйекте Путин Мәскеуде болған Қазақстанның экс-президентімен кездесу барысында Ресей мен Қазақстан бірлесіп Байқоңырда салып жатқан «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенін Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне атауды ұсынған.

Ұсыныс Роскосмос басшысы Дмитрий Рогозин және Цифрлық даму, инновация министрлері мен Қазақстанның Аэроғарыштық өнеркәсіп министрі Асқар Жұмағалиевтің көзінше айтылды.

Байқоңырда «Союз-5» зымыран-тасығыштарының ұшу сынақтарының басталуы 2023 жылға жоспарланған. Қажетті жерүсті инфрақұрылымы да 2023 жылға дайын болуы тиіс. Ал «Союз-6» зымыранын сынау 2025 жылға жоспарланған.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар