$ 494.87  520.65  4.91

Президент Жолдауының орындалуы жыл соңына дейін нәтиже бермек

Жолдаудың барлық бағыттарын іске асыруды нормативті қамтамасыз ету мақсатында Әкімшілік іс жүргізу кодексі, 17 заң, Президенттің 4 жарлығы және Үкіметтің 16 жарлығы әзірленеді және қабылданады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауды іске асыру жөніндегі Ұлттық іс-қимыл жоспарын бекітті. 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен гүлденуінің негізі» деп хабарлайды, Today.kz, Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Жалпыұлттық жоспарда азаматтық қоғамды дамыту, ауыр қылмыстар туралы қылмыстық заңнаманы қатаңдату, әкімшілік әділет жүйесін енгізу, шағын және орта бизнесті қолдау, пайдаланылмайтын ауылшаруашылық жерлерді тартып алу, тауарлар мен қызметтердің құнын төмендету, бәсекелестікті дамыту, әлеуметтік саясатты түзету, білім беру сапасын жақсарту бойынша бірқатар нақты шаралар қарастырылған. Қазақстанның зейнетақы жинақтарын пайдалану мүмкіндігі және басқа да мәселелер жоспардан тыс қалмаған.

Оған қоса, Жолдауда айтылған бастамаларды қаржыландыруға бағытталған шаралар, оның ішінде Ішкі істер министрлігін реформалауға қаражат бөлу, мұғалімдер мен мәдениет және өнер қызметкерлерінің жалақысын көтеру, бизнесті қолдау бағдарламаларын іске асыру, инфрақұрылымды дамыту және басқалары назарға алынып отыр.

Жолдаудың барлық бағыттарын іске асыруды нормативті қамтамасыз ету мақсатында Әкімшілік іс жүргізу кодексі, 17 заң, Президенттің 4 жарлығы және Үкіметтің 16 жарлығы әзірленеді және қабылданады.
Мұнан бөлек, Мемлекет басшысының тапсырмаларын назарға алып, Үкімет қолданыстағы, мәселен, «Нұрлы жер» (индустриалды-инновациялық даму, Бизнестің жол картасы – 2025, өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік, «Еңбек» білім мен ғылымды дамыту сынды мемлекеттік бағдарламаларына жаңа өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.

Іс-шаралардың басым бөлігі осы жылдың соңына дейін жүзеге асырылмақ.

Президент Әкімшілігі Мемлекет басшысының барлық бастамаларының қатаң және уақытылы орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары