$ 494.87  520.65  4.91

Назарбаева Палестина елшісімен «Теңіз» мұнай-кен орнындағы қақтығысты талқылады

Тараптар инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту, Палестина азаматтары үшін виза тәртібін жеңілдету мүмкіндіктерін, сондай-ақ «Теңіз» мұнай кен орнындағы қақтығысты талқылады. Мәселелерді пысықтау үшін мекемеаралық комиссия құрылды.

Парламент Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаева Палестинаның Қазақстандағы Елшісі Монтасер Абу Зейдті қабылдады, деп хабарлады ҚР Парламенті Сенатының әлеуметтік желідегі ресми парақшасы.

Дипломат Парламенттің жоғарғы палатасының Төрағасы қызметіне сайлануға байланысты Сенат басшысына Палестина Ұлттық Кеңесінің құттықтауын жеткізді және оған алдағы уақыттағы қызметі табысты болуына тілектестігін білдірді.

«Қазақстан тәуелсіздіктің алғашқы күнінен бастап Таяу Шығыстағы өзекті мәселелерді бейбіт жолмен шешуді жақтап келеді және Палестинаны әлеуметтік-экономикалық тұрғыда тезірек оңалтуға бағытталған халықаралық қоғамдастықтың гуманитарлық акцияларын қолдайды», - деді Дариға Назарбаева.

Елші халықаралық күн тәртібіндегі негізгі мәселелер бойынша қолдаулары мен ынтымақтастық үшін алғысын білдірді.

М.Абу Зейд сауда-экономика ынтымақтастығын дамыту туралы айта келіп, Қазақстан мен Орталық Азиядағы ең биік ғимарат болатын көп салалы «Абу-Даби Плаза» кешенінің құрылысы туралы хабардар етті. Қазірге дейін 76 қабаты салынды, қазан айының соңында «Sheraton» қонақ үйі пайдалануға берілетін болады.

Тараптар инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту, Палестина азаматтары үшін виза тәртібін жеңілдету мүмкіндіктерін, сондай-ақ «Теңіз» мұнай кен орнындағы қақтығысты талқылады. Мәселелерді пысықтау үшін мекемеаралық комиссия құрылды. Сенат Төрағасы шетелдік азаматтардың Қазақстан заңнамасын сақтауы, сондай-ақ қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлерін құрметтеуі қажеттігін атап өтті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары