$ 498.34  519.72  4.85

Порошенконың мүлкі мен корпоративтік құқықтары бұғатталды

Украинаның экс-президенті «Рыбальский Кузница» зауытын сату, сонымен қатар, «Прямой» телеарнасын сатып алу-сату кезінде салық төлеуден жалтару ісі бойынша мембюроға екі рет жауап берді.

Киев аудандық соты Украинаның экс-президенті Петр Порошенконың активтеріне кіретін «Рыбальскийдегі Кузница» зауытының мүлкі мен корпоративтік құқықтарына тыйым салды, деп жазады The Qazaq Times

Бұл туралы Виктор Януковичтің президент кезінде оның әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымын атқарған заңгер Андрей Портнов хабарлады. 

«Печерский соты Порошенкоға тиесілі басты активердің бірі «Рыбальскийдегі Кузница» зауытының корпоративтік құқығына тыйым салды», – деп жазды ол өзінің Telegram парақшасында. 

Петр Порошенко 18, 27 қыркүйек пен 3 қазанда ГБР-дың кезекті жауап алу процесіне шақыртылған. Украинаның экс-президенті «Рыбальский Кузница» зауытын сату, сонымен қатар, «Прямой» телеарнасын сатып алу-сату кезінде салық төлеуден жалтару ісі бойынша мембюроға екі рет жауап берді. 

Қазіргі уақытта Порошенкоға бірқатар қылмыстық істер, атап айтқанда, мемлекеттік опасыздық, қызмет бабын асыра пайдалану, қылмыстық кірістерді заңдастыру, салықтан жалтару, сот билігін узурпациялау әрекеті және Украина министрлер кабинетінің 2016 жылы Жоғарғы Рада коалициясы болмаған кезде заңсыз тағайындау істері бойынша тергеу жұмыстары басталған.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары