$ 494.87  520.65  4.91

«Женский сөмке көтеріп жүретіндерге қаншадан төлейді екен?»: Оразкүл Асанғазықызының сөмкесін асынған жігіт ұятқа қалды

«Женский сөмке ол Оразкүл апамыздың сөмкесі болатын. Ол кісі телеарнаға сұхбат беретін болғандықтан, жігіттер қолына алғаны рас еді».

Журналист Жансая Тәуекелқызы facebook парақшасына Сарыағаш ауданында өткен іс-шараның суретін жариялады. Онда бір жігіт белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Оразкүл Асанғазықызының сөмкесін иығына асынып алған. Дұрыстап назар аударсаңыз, жігіттің бұл әрекетке еріксіз барғаны айқын аңғарылады. Жүзі жабырқап, басы салбырап, қысылып-қымтырылып тұр, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Өткенде Сарыағашта болған іс-шарадан фото. Не ғой, «женский» сөмке көтеріп жүретіндерге қаншадан төлейді екен? (Фото: соц сетьтен, бірақ уже өшіріп тастаған ба әлде...). Но WhatsApp-та скрин сақтап қойғансың ғой», – дейді жазба авторы.

Тақырыптың елең еткізбей қоймайтыны соншалық, оған жарты күнде жүзден астам пікір жазылған. Соның ішінен іріктеп ұсынсақ, желі қолданушылары «Осы жолы плотно ілікті», «Негізі жараса ма, қалай өзі?», «Әй, сабасаң сол сөмкемен!», «Сөмкесі костюміне үйлесіп кетіпті», «Стилист жақсы екен», «Женщины рулят дейді ондайды», «Мынандай жұмыс атқарғаннан өлген артық қой» деп дүрліккен.

Тек Ләйла Дарханбаева ғана әйел сөмкесін ұстаған жігітті ақтауға тырысып баққан. «Женский сөмке ол Оразкүл апамыздың сөмкесі болатын. Ол кісі телеарнаға сұхбат беретін болғандықтан, жігіттер қолына алғаны рас еді. Ал қазағымда «үлкенге құрмет, кішіге ізет» деген бар. Сондықтан да қонақты үйден шығарып салғанша да сөмкесін көтеріп жүретіні рас. Сол сияқты, ол кісіні шығарып салғанша сөмкесін көтеріп жүріп, көліктің есігін ашып отырғызып жіберу – ол әдептілікке жатады. Және оны парасаты бар адам ғана жасайды. Күлетін жайы немесе әбестігі жоқ бұның», – дейді ол.

Ал суретті желіге жүктеген Жансая Тауекелқызы: «Ләйла Дарханбаева, қонақжай болсын, қарсылық жоқ. Тек жиналыста сөмкені көтеріп тұру ерсі көрінеді екен. Бұл – менің жеке пікірім», – деп жауап берді.

Сондай-ақ, Ғалиябану Бижанова есімді кісі де: «Жоғары лауазымды адамның қасында көмекшісі болады емес пе? Солардың міндеті қай жерде, қандай жағдай болсын көмектесу үшін шығар, қасында жүретіні. Сондықтан сөмкесін де, шубасын да, баклашкасын да көтеруге тура келетін кездер көп болатын шығар енді. Бірақ, меніңше, әйел адамға қыздар көмекші болғаны дұрысырақ болатын сияқты», – деді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары