Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды еңбек күнімен құттықтады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, оның Twitter парақшасына сілтеме жасап.
«Еңбек күні құтты болсын, отандастар! Біз Қазақстанның даму жолында күш-жігерін жұмсап, жетістікке жеткен барша еңбек адамдарына лайықты құрмет көрсетеміз. Әсіресе, ардагерлерімізге айырықша алғыс айтамыз. Еңбек – бәрін жеңбек. Әрбір еңбек бағалы! Біз еңбекқор ұлт болуымыз керек!» деп жазды Мемлекет басшысы.
Еске сала кетсек, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 2013 жылғы 22 қарашадағы Жарлығымен қыркүйек айының соңғы жексенбісі «Еңбек күні» болып белгіленген болатын.