$ 494.87  520.65  4.91

А.С.Смолин ҚР Жоғарғы сот кеңесінің төрағасы болып тағайындалды

Мемлекет басшысының жарлығымен Анатолий Сергеевич Смолин Қазақстан Республикасы Жоғарғы сот кеңесінің төрағасы болып тағайындалды.

Анатолий Сергеевич Смолин  1959 жылы 5 тамызда  Ақмола облысы  Новочеркасск ауданының Жалтыр ауылында туған. Свердлов заң институтының заң факультетін бітірген (1986), құқықтанушы. 1977 жылдан - РКФСР Свердлов облысының Асбест қаласындағы асбест байыту фабрикасының конвейер машинисі. 1978 жылдан - Көкшетау тас уату зауытында ДСЦ-2 ауысым шебері. 1978-1981 жылдары - ӘТФ қатарында қызметте. 1986 жылдан - Көкшетау облыстық сотында сынақ мерзімінен өтуші. 1987 жылдан - Көкшетау облысы Красноармейск аудандық сотының судьясы, 1990 жылдан - сот төрағасы. 1996 жылдан - СҚО Тайынша аудандық сотының төрағасы. 1998 жылдан - Солтүстік Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер женіндегі алқасының терағасы. 2002 жылдан - ҚР Жоғарғы сотының судьясы. 2007 жылдан - ҚР Жоғарғы сотының қадағалау алқасының төрағасы. 2010 жылдың ақпан айынан бері ҚР Жоғарғы сотының судьясының лауазымында болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары