$ 494.87  520.65  4.91

Елімізде жаңа министрлік пайда болды

Елімізде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігі пайда болды деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Осыған сәйкес, Мемлект басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жаңа ведомство құру туралы қаулысы шықты.

Аталған министрлік мемлекеттік қызметтің жаңа моделін және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды іске асыру мақсатында құрылып отыр.

Елбасы қаулысында көрсетілгендей, мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы уәкілетті орган ретінде оған таратылып отырған ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мүлкін және істерін басқару функциялары мен өкілеттіктері беріледі.

Министрліктің негізгі міндеті Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметтің жаңа моделін іске асыру және сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу. Ал, басты функциясы - сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу.

Министрліктің құрылымында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы құрылады.

Ал, осы Мемлекеттік қызмет істері министрі болып Талғат Советбекұлы Донақов тағайындалып отыр. Бұған дейін ол Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары қызметінде болған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары