Бірғаным Әйтімова сенаттағы әріптестерінің қатарына оралды. Ол Сенаторлар кеңесі төрайымының орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы «Жас Алаш» хабарлайды.
Бүгін астанада Сенаторлар кеңесінің бірінші отырысы өтті. Депутат Нұрлан Қылышбаев кеңес хатшысы болды.
Сенаторлар Кеңесі консультативтік-кеңесші орган. Қазақстандағы парламентаризмді дамытуға бағытталған шараларды өткізу үшін құрылған. Оның құрамында елу адам бар. Басшысы - Дариға Назарбаева.
Бірғаным Әйтімованың сенаторлық өкілеттілігін президент Қасым-Жомарт Тоқаев осы жылдың тамыз айында тоқтатқан еді.