$ 494.87  520.65  4.91

Көкшетауда 8-сынып оқушысы 8-қабаттан секіріп мерт болды

Бұл туралы полицияға сағат 11:46 жедел жәрдем қызметінің дәрігері хабарлаған.
Фото: ktk.kz
Фото: ktk.kz

Көкшетауда 8-сынып оқушысы 8-қабаттан секіріп мерт болды, деп  хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ведомствоның дерегі бойынша, оқиға қазанның 4-де Көкшетау қаласы Потанин көшесінің бойындағы тұрғын үйде болған. Бұл туралы полицияға сағат 11:46 жедел жәрдем қызметінің дәрігері хабарлаған. 

«Оқиға орнына жеткен кезекші жедел-тергеу тобы 2006 жылғы жасөспірімнің 8 қабаттағы өз пәтерінің балконынан секіргенін және өлер алдында хат жазып қалдырғанын анықтады», дейді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер. 

Қазір кезде, осы оқиғаға байланысты ҚР ҚК 105 бабы (өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу) бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Көкшетау