Саясат 07.10.2019 сағат 15:10

Мұхтар Әблязовтың Тәтішовті тапсырыспен өлтірткені рас па? (ВИДЕО)

Арнайы хабарға банкирдің өліміне қатысты оқиғаның ақ-қарасын талқылауға қайтыс болған бұрынғы басшысы Ержан Тәтішов отбасының адвокаты Евгений Яворский, судья Азамат Тілепов, Бас прокуратурадан Ержан Ермұханбетұлы, блогер, қоғам қайраткері Денис Кривошеевтер қатысты.
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

«Хабар» телеарнасы «Большая неделя» бағдарламасының арнайы шығарылымында  «Тұран Әлем» банкінің бұрынғы басшысы Ержан Тәтішовтің өлімінің себебін талқылады, деп жазады «Айқын» газеті.

Арнайы хабарға банкирдің өліміне қатысты оқиғаның ақ-қарасын талқылауға қайтыс болған бұрынғы басшысы Ержан Тәтішов отбасының адвокаты Евгений Яворский, судья Азамат Тілепов, Бас прокуратурадан Ержан Ермұханбетұлы, блогер, қоғам қайраткері Денис Кривошеевтер қатысты. 

Сондай-ақ «Қазшынықұрылыс» мекемесінің бұрынғы басшысы Мұратхан Тоқмәди жазасын өтеу мекемесінен тікелей байланысқа шықты. Мұратхан Тоқмәди банктің бұрынғы басшысы Ержан Тәтішевті тапсырыспен өлтіру ісі бойынша оқиғаның қалай өрбігенін талдап, айтып береді. Сондай-ақ 2001-2006 жылдары Ұлттық қауіпсіздік комитетін басқарған Нартай Дүтбаев, Ержан Тәтішевтің бұрынғы жеке күзетшісі Сергей Козликин банкирдің өлімінің қалай, қайда, қашан болғанын талдады. 

Бағдарламада экс-банкирдің өліміне қатысты деректерді шетелдік сарапшылар «Мұхтар Әбілязовтың тапсырысымен Ержан Тәтішевті өлтірдім» деген Мұрат Тоқмәдидің уәжін жан-жақты талқылап шыққан. Бастапқыда «Ержан Тәтішевті байқамай атып алдым» деп ақталған Мұратхан Тоқмәди банкирді әдейі өлтіргенін мойындайды. Тапсырысты орындағаны үшін 4 миллион долларға келіскенін де айтып өтеді. 

Оқиғаның ұзақ тергелуі жайында алдағы уақытта толықтай жазатын боламыз. 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар