$ 494.87  520.65  4.91

«Сол істерім үшін қатты ұяламын»: Мұхтар Әблязов елімізден млрд-таған сомманы қалай ұрлаған?

Мұхтар Аблязовтың басшылық қызметте жүрген жымқырған қаражатының жалпы сомасы - өте қомақты сома. Тіптен бұл Қазақстанның ЖІӨ-сінің 10%-ын құрайды екен.

Халықтың қаржысын қалтаға басып, БТА банкін банкротқа ұшыратқан Мұхтар Әблязов Қазақстанға қанша ақша қарыз? Миллиардтаған сома қалай ұрланды? Қолды болған қаржыны қайтару мүмкін бе? Бұл және басқа да Әблязовтың құйтырқы әрекеттері жайлы "Qazaqstan" ұлттық арнасындағы "Masele" бағдарламасында айтылды, деп жазады BAQ.KZ.

Әблязовтың "Қазақстанның демократиялық таңдауы" деп аталатын қозғалысы экстремистік деп танылды. Аталған ұйымның мақсаты қандай? Және оның жақтастары нені білу керек?

Францияда бас сауғалап жүрген қашқын олигарх Мұхтар Әблязов қашан елге қайтады? Қулығына құрық бойламайтын қылмыскердің тағы қандай былықтары бар?

Айыптау мен ақтаудың арасы алшақ, бірақ жарқ ету мен жалп етудің арасы бір-ақ қадам. Заңға қайшы әрекет дәлелденсе, бұл – қылмыс. Қара басын арашалап алу үшін бұқараны билікке айдап салып, өзін тәуелсіздіктің тұлғасы етіп көрсету ақылды адамның тірлігі емес. Ұлтқа қарсы, жұртқа қарсы қылмыс жасаған адамның айыбы соттың том-том ісінде дәлелденгені бір бөлек, қарапайым халық та ақ пен қараны ажыратып алсын деп ресми ақпарат жиналған. Өзгелер өз мүддесіне пайдаланып кетпеу үшін нені білу керек?

7,5 млрд доллар ақшаны Мұхтар Аблязов өзі басқарған банктен алып, қалтасына басып қашқан. Бұл ресми дерек.

БТА банктың қорынан қолды болып, Аблязовтың қалтасына түскен 7,5 млрд доллардың ішінде 226 мың адамның – 238 млрд ақшалай салымы, 1 млн қазақстандықтың 21 млрд теңге жалақысы болған. Бұл ақпаратты сол кезде басқарғандар білмеген емес, білді, бірақ ұрлады. Жұртқа осыншама қиянат жасаған адам, жұрттан кешірім сұрау керек емес пе?

Әблязов 2000 жылдардың басында абақтыға айдалғанда кешірім сұраған еді.

"Мен өз қателігімнің кесірінен үлкен саяси қателіктер жасадым. Сіздердің сенімдеріңізді ақтамай, елдің абыройына нұқсан келтірдім. Сол істерім үшін қатты ұяламын. Жаза басқан шәкірттеріңіздің бірі ретінде, кешіруіңізді сұраймын, өтінемін. Әрине мені кешіру оңай іс емес екенін түсінемін", - деді ол.

Өкінген кейіппен кешірім сұрады. Қазір қашып жүрген экс-банкир. Кешірім алды, бірақ артынша қарапайым елдің қаржысын алып, қалтасына басып қашты.

Бұл да сотта дәлелденген деректер. Халықтың жинап-тергенін үптеп кеткен Мұхтар Аблязов қандай құйтырқы әрекетке барды? Өзге түгіл өзінің жанында жүрен серіктестерін алдап соққаны қалай?

Мұхтар Әблязовтың басшылық қызметте жүрген жымқырған қаражатының жалпы сомасы - өте қомақты сома. Тіптен бұл Қазақстанның ЖІӨ-сінің 10%-ын құрайды екен. Осыдан-ақ әккі ұрының мемлекет экономикасына қаншалықты зиян тигізгенін көреміз. Бірақ мұндай қомақты қаражатты ол қалай ұрлаған?

Трансұлттық жүйе арқылы. Осы жүйенің көмегімен 2006 жылдан 2009 жылға дейін банктен қаржының басым бөлігі бірден Әблязовтың офшорлық компанияларына аударылған.

"Ұлыбританияның соты Әблязовтың 9 компаниясын анықтаған. Олардың бәрі Әблязовқа тиесілі екені дәлелденген. Компания құрылғаннан кейін оның шотына ақша түсіп, кейін ақшасын шығарғаннан кейін олар жұмысын тоқтатқан. Ол компаниялар сол үшін ғана ашылған", - деді тергеуші.

Бұл кезде банкте шетелдік инвесторлардың қаржысынан бөлек, қарапайым халықтың қаражаты жатқан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары