08.10.2019, 14:35

Путин туған күнінде өзіне керемет сыйлық жасады

Осы айдан бастап еңбекақылары көбейгендердің қатарында Росгваридия, ФСБ, ІІМ және Орталық сайлау комиссиясының басшысы да бар.

Ресей Федерациясының президенті Владимир ПУТИН  7 қазанда өзінің еңбекақысын өсіру туралы жарлыққа қол қойды. Осылайша  туған күнінде өзіне осындай сыйлық жасаған, деп жазады "ЖасАлаш" басылымы.

currenttime.tv хабарлауынша премьер-министр Дмитрий МЕДВЕДЕВ және үкімет мүшелері, тергеу комитеті мен бас прокуратура төрағасының айлығы да 4,3 % көбейетін болады.

Осы айдан бастап еңбекақылары көбейгендердің қатарында Росгваридия, ФСБ, ІІМ және Орталық сайлау комиссиясының басшысы да бар.

Биыл Кремль басшысы 67 жасқа толды.