$ 445.66  474.58  4.78

«Алда келе жатқан сайлауға қатысамыз»: Жанболат Мамай жаңа партия құратынын мәлімдеді

«Біз алда қиындық болатынын білеміз. Оған дайынбыз. Өз сөзімізде тұратындығымызға сөз беремін».

Бүгін қоғам қайраткері, журналист Жанболат Мамай мәлімдеме жасады. Өзінің жақтастарымен бас қосқан ол жаңа саяси партия құрмақ, деп хабарлайды «Жас Алаш».

Арнайы ұйымдастырылған пресс-конференцияда Жанболат Мамай: «Біздің қоғамға өзгеріс керек. Бүгіннен бастап бейбіт жиынға шығып, ұсталған саяси тұтқындар босатылуы тиіс. Кез келген алаңға шыққан адамды қамап, әкімшілік жауапқа тартып жатыр. Бұл дұрыс емес. Бейбіт шеру туралы заң өзгеруі тиіс. Содан кейін конституция туралы заң да өзгеруі керек. Қазіргі заңмен ештеңе өзгермейді. Елде болып жатқан жағдай бәрімізді алаңдатып отыр. Біз парламенттік мемлекет болуымыз керек.

Мен 2017 жылы қамалдым. Мүлкім тәркіленді, журналистикамен айналысуыма бір жылға тыйым салынды. Бірақ, менің жеке басымнан да маңызды дүниелер бар. Әріптестерімізбен келісіп, саяси партия құруды көздеп отырмыз. Партия құру – жәй әділет министрлігіне тіркелу емес. Ол – мүдделес азаматтардың бас қосып, қоғамды өзгертіп, билікке келу. Біз осыған дайынбыз. Бүгінгі биліктің саясатына көңілі толмайтын, елде өзгеріс болғанын қалайтын азаматтардың бәрі бізге қосыла алады. Бізге елбасы туралы, қауіпсіздік кеңесінің төрағасы туралы заңның керегі не? Олардың бәрін өзгертуіміз керек. Керек заңдар қолданыста жүруі шарт.

Дәл қазір бізде тіркелген партиялар болғанымен, шынайы өзгерісті қалайтын партия жоқ. Бір ғана партия бар, ол – «Нұр-Отан». Қалғандары – соның клоундары. Алда келе жатқан сайлауға қатысып, күш болатын партия жоқ. Біз алда қиындық болатынын білеміз. Оған дайынбыз. Өз сөзімізде тұратындығымызға сөз беремін», - деді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары