$ 494.87  520.65  4.91

«Иә, бар екен»: Мәжіліске шикі заң жобасын алып келген Экология министрі ұятқа қалды (ВИДЕО)

Сөз естіп тынған министр негізі Парламентке қоршаған ортаны қорғауға қатысты заң жобасын алып келген. Ол елімізде ауаны, жалпы табиғатты ластайтын кәсіпорындардың электронды дерекқорын жасауға мүмкіндік береді.

Мәжіліске шикі заң жобасын алып келген Экология министрі депутаттардан сөз естіп тынды. Мағзұм Мырзағалиев өзі таныстырған заң жобасында не жазылғанын білмей, депутаттардың қойған сұрағына жауап бере алмай әбден қиналды, деп хабарлады КТК арнасы.

Нұрлан Нығматуллин, Мәжіліс спикері: 

- Мағзұм Маратұлы! Реттеңіз. Биік мінберде тұрып алып «мұндай норма жоқ» дейсіз. Мектеп оқушысын оқытқандай сізге ол норманың бар екенін көзге шұқып көрсетіп жатыр. Енді «иә, бар екен» дейсіз.  

- Біз оны экологиялық кодексте қарастырамыз. 

Сөз естіп тынған министр негізі Парламентке қоршаған ортаны қорғауға қатысты заң жобасын алып келген. Ол елімізде ауаны, жалпы табиғатты ластайтын кәсіпорындардың электронды дерекқорын жасауға мүмкіндік береді. Мырзағалиев сол арқылы қай өндіріс орны қаншалықты қауіпті химиялық заттарды бөліп жатқанын біле аламыз дейді. 

Елімізде ауаны ластап отырған екі мыңнан астам кәсіпорын бар. Енді оларға бақылау күшейтіліп, шамадан тыс қалдық шығаратындары жаппай айыппұл арқаламақ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары