Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік органдардар мен олардың басшыларының қатысуымен өткен жиында маңызды мәселелерді қозғады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Ақорда сайтына сілтеме жасап.
Оған қоса құқық қорғау органдарына тәртіп пен заңдылықты күшейту, құқықтық сауаттылықты арттырудың маңызды екендігін тілге тиек етті.
Президент Әкімшілігі басшылығы, Қауіпсіздік Кеңесі хатшысы, Бас прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Мемлекеттік күзет қызметі, Ішкі істер министрлігі басшыларының қатысуымен өткен жиында еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі өзекті мәселелер талқыланды.
Қасым-Жомарт Тоқаев барлық қазақстандықтардың құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында еліміздегі құқықтық тәртіп пен заңдылықты күшейтудің айрықша маңыздылығын атап өтті.
Президент ұлттық заңнамаларды түсіндіру және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру жұмыстарын жандандыру қажет деп санайды.