Саясат 22.10.2019 сағат 14:15

Зеленский Назарбаевты Украинаға шақырды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Йоркке жасаған сапары аясында Украина Президенті Владимир Зеленскиймен кездескен болатын.
Зеленский Назарбаевты Украинаға шақырды
фото: inform.kz
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Украина Президенті Владимир Зеленскиймен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Елбасы алдымен Зеленскийді Украина Президенті лауазымына тағайындалуымен құттықтап, алдағы күрделі жұмысына табыс тіледі. Украинаның әр күнін жіті қадағалап отыратындығын айтты.

 «Президенттердің ішінде алғашқы болып зор сеніммен, 70 пайыздан астам дауыспен жеңіске жеттіңіз. Сіз қалаған дүниелеріңізді іске асыруға қазір мол мүмкіндігіңіз бар. Осы жолда сізге табыс тілеймін», - деді ҚР Тұңғыш Президенті. Өз кезегінде Зеленский елінде сапалы экономикалық серпілістерді жүзеге асыруға тырысып отырғанын айта келе таяуда Нью-Йоркте Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездескенін еске алды. 

«Нью-Йоркте Қасым-Жомарт Тоқаев мырзамен танысуға мүмкіндігім болды. Бізге, Украинаға, сапармен келуге шақырдым. Сіз де Украинада сан мәрте болған едіңіз. Осы мүмкіндікті пайдаланып өзіңізді Украинаға сапармен келуге шақырамын», - деді Зеленский. 

Естеріңізге сала кетсек, осы жылдың 25 қыркүйегінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Йоркке жасаған сапары аясында Украина Президенті Владимир Зеленскиймен кездескен болатын.


 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар