$ 494.87  520.65  4.91

Отандық "Бәйтерек" ғарыш зымыраны Ресейдің қаржысына тәуелді

Қазір Мәжіліс депутаттары «2004 жылғы 22 желтоқсандағы ҚР Үкіметі мен РФ Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» ғарыш айлағында «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенін құру туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы бойынша жұмыс істеуде.
Фото: surak.baribar.kz
Фото: surak.baribar.kz

2022 жылы «Байқоңыр» ғарыш айлағында отандық зымырандар сыналады, деп хабарлайды SkifNews ақпараттық порталы 24.kz-ке сілтеме жасап. 

Қазір Мәжіліс депутаттары «2004 жылғы 22 желтоқсандағы ҚР Үкіметі мен РФ Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» ғарыш айлағында «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенін құру туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы бойынша жұмыс істеуде.

Құжатқа былтыр Мәскеуде қол қойылды. Оның негізінде ресейлік тарап қаржыландыру мен зымыран тасымалдағышты құруды қамтамасыз етсе, еліміз «Байқоңыр» ғарыш айлағының жердегі ғарыштық инфрақұрылымын жаңғыртады. Заң жобасы бойынша қорытынды келер жылдың 30 қыркүйегінде шығарылады.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары