$ 494.87  520.65  4.91

«Үш Латвияға тең бос жайылым – бір адамның қолында» - Мұхтар Тайжан

«Миға симайтын нәрсе, иә? Уот, қандай блатной латифундистер бар бізде!».
фото: jasqazaq.kz
фото: jasqazaq.kz

Бүгін қоғам қайраткері Мұхтар Тайжан facebook парақшасында «Ауылдағы жұрттың байлығын – пайдаланбай, яғни бос тұрған жайылымды мемлекеттің меншігіне қайтаруымыз керек!» деген мәселе көтерді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Қазақстанда ұтымсыз, яғни біреулердің қолында, бірақ, пайдаланбай бос тұрған тек жайылым жерлер (егістік емес) қанша, білесіздер ме? 35 млн га! Ол көп пе, аз ба?» - дейді Мұхтар Тайжан.

Оның айтуынша, бұл дегеніңіз – көлемі бойынша Польшадан артық, Германиянадан сәл-пәл кем жер екен.

«Бос тұрған, малы жоқ, көлемі Польшадай жайылымды елестете аласыздар ма? Миға симайтын нәрсе, иә? Уот, қандай блатной латифундистер бар бізде! Мысалы, тек Маңғыстауда бір адамның қолында 2 млн га бос тұрған жайылым жері бар екен, ол – үш Латвияға тең! Үш Латвия бір адамның қолында, түсінесіздер ме?» - деп ашынады одан әрі.

Сондай-ақ, ол осы жазбасына «тұздық» ретінде Еуропа елдерінің жалпы жер көлемі мен өзіміздің игерілмеген иесіз жерлердің суретін жүкеген.

Бұл ретте, жақын арада космомониторинг туралы бұйрыққа қол қойылуы тиіс екен. «Өткен бейсенбіде вице-премьер Склярда бұл тақырыпқа арналған үлкен жиналыс өткіздік», - деген Мұхтар Тайжан, қарашада жер мәселесіне қатысты «жақсы жаңалық» болатынына сенімді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары